Арменияда жаңа атом электр станциясын салу жөніндегі ұсыныстар қарастырылып жатыр. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім жақын арада қабылданады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян «Росатом» бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуде айтты.
Премьер-министрдің айтуынша, шешім қабылдау кезінде станция құрылысының құны, сапасы, қауіпсіздігі, іске асыру мерзімі және ұсынылатын кепілдіктер секілді экономикалық көрсеткіштер ескеріледі.
Кездесуде Армения атом электр станциясының екінші энергоблогын пайдалану мерзімін ұзарту мәселесі де талқыланды.
Армения тарапы жаңа атом электр станциясын салуға қатысты ұсыныстарды қарастыруды жалғастырып жатыр.
Новости по теме
В Ерейментауском районе вдовам ветеранов и труженикам тыла вручили юбилейные медали к 80-летию Победы
