Өзбекстанда екі білім министрлігі біріктірілді

83
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qgI28QO2HehpUkKkaXkOdXn1avGtxNTZ7hfgwwPK.webp

Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстанда Мектепке дейінгі және мектептік білім министрлігі мен Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі біріктірілді. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен екі ведомствоның негізінде Білім және ғылым министрлігі құрылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна".

Реформаның негізгі мақсаты – заманауи талаптарға сай елдегі білім беру, тәрбие және ғылым салаларын бірыңғай жүйеге біріктіру. Сондай-ақ білім сапасы мен тиімділігін арттыру, адами капиталды дамыту бағытындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Жаңа жүйе білім берудің барлық деңгейін – мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары білімге дейін, сондай-ақ ғылыми қызметті қамтиды.

Президент әкімшілігінің мәліметінше, білім берудің барлық түрлері арасында өзара ықпалдастық пен сабақтастықты қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар барлық білім беру сатылары мен ғылыми қызметті қамтитын бірыңғай әрі тиімді басқару жүйесі енгізіледі.

Реформаның тағы бір мақсаты – білім беру жүйесінің қоғам алдындағы есептілігін арттыру.

Комментарии