Атырауда үшінші қабаттан лифт құлап, үш адам ауруханаға түсті

212
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TFLw0Z2XFA5ZtwHCxZNStvwgUZUvlVKxuf3tTUz9.webp

Фото: Атырау әкімдігі

Атырау қаласындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында үшінші қабаттан лифт құлап, бірнеше адам жараланды. Оқиғаға қатысты қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасап, жағдайдан хабардар етті, деп хабарлайды "Адырна".

«Қала әкімі лифт оқиғасының мән-жайын бақылауына алды. Оқиға кезінде лифт ішінде 4 адам болған. Үш тұрғын жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Бір тұрғын медициналық көмектен бас тартқан. Оқиғаның мән-жайын қала әкімі Данияр Таханов тікелей бақылауына алды», – делінген хабарламада.

Лифтінің не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән-жайын жауапты қызметтер анықтап жатыр.

Комментарии