«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жаңа IT-компания жұмысын бастады. Компанияның директоры және бас атқарушы директоры қызметіне Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың ұлы Нұрлан Асқарбеков тағайындалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tizgin.kz сайтына сілтеме жасап.
АХҚО-ның Қаржы қызметтерін реттеу комитеті (AFSA) жариялаған дерекке сәйкес, аталған компания 2026 жылғы 2 қазанда жеке тіркелген. Қазір оның мәртебесі – белсенді. Заңды мекенжайы Астананың Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 55/20 мекенжайында орналасқан.
Ресми тізілімде Нұрлан Асқарбеков компанияның директоры әрі CEO-сы ретінде көрсетілген. Оның екі қызмет бойынша да өкілеттігі 2 қазаннан басталған.
Компанияның негізгі қызмет бағыты ретінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді таңдаған. Ол жасанды интеллект, робототехника және автоматтандыру салаларына арналған технологиялық шешімдер әзірлеуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оның қызмет аясына бағдарламалық өнімдерді тестілеу, түрлі жүйелерді интеграциялау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу кіреді. Бұдан бөлек, компания осы бағыттар бойынша техникалық қолдау көрсетпек.
Тізілімдегі акционерлер қатарында Circle Limited компаниясы көрсетілген. Компанияның капиталы әрқайсысының номиналды құны 1 АҚШ долларын құрайтын 100 жай акциядан тұрады. Ал жарияланған акцияларының жалпы құны – 100 доллар.
Чиновники СКО против населения региона. Как в такой непростой ситуации народу сохранить рабочие места?
