Астанада құрылыс материалы көлік үстіне құлады

161
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BEky6vgdtW8WV6WOT225IGxYmFuPGrr6GcupNu7g.webp

threads.com/@amina_zhm

Астанада іскерлік орталықтардың бірінің автотұрағында қатты желдің салдарынан құрылыс материалы құлап, екі көлік зақымданды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Оқиға 5 қазанда болған. Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, сағат 13:40 шамасында көпфункционалды кешеннің шатырынан құрылыс материалы автотұрақтағы көліктің үстіне құлаған. Оқиғадан кейін көлік иесі полиция шақырған.

Астана қаласы полиция департаментінің Есіл ауданы полиция басқармасы жүргізген тексеру барысында екі автомобильдің — Hyundai Mufasa және Chevrolet Tahoe көліктерінің зақымданғаны анықталды.

Полицияның мәліметінше, көпфункционалды кешеннің шатырынан қатты желдің әсерінен OSB тақтасы жұлынып кеткен. Құрылыс материалы автотұрақ аумағына құлап, сонда тұрған екі көлікке зақым келтірген.

«Аталған факт бойынша ақпарат Есіл ауданының полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Комментарии