Ақтауда контейнерлік тасымал көлемі рекордтық деңгейге жетті

111
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hLPVw5WSr0BYB76ENflVZKYqfGrv2KvJRSUMo4F4.webp

Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымал көлемі рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

2026 жылы қыркүйекте портта 10 186 TEU өңделіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80%-ға артты. 

Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның мәліметінше, аталған көрсеткіш порт үшін жаңа рекорд саналады. Нәтиже Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ дерегінше, оң динамикаға Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк ағынының ұлғаюы, маршруттағы контейнерлік инфрақұрылымның дамуы, сондай-ақ теміржол және порттық өңдеу мүмкіндіктерінің кеңеюі ықпал еткен.

Комментарии