Фото: Report
Түркияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алды. Бұл туралы Report жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады, деп жазады “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы Маниса провинциясының Акхисар ауданында болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жеткен.
Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі белгісіз. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Новости по теме
