Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман сайлауды тағайындау туралы қаулы жобасын таныстырды. Комиссия тиісті қаулыны қабылдады.
Сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығы негізінде өткізіледі.
«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабының 3-тармағына сәйкес, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы олардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Алдағы сайлау аясында 228 мәслихаттың 3447 депутатын сайлау жоспарланған. Оның ішінде 668 мандат облыстық, 626 мандат қалалық және 2053 мандат аудандық мәслихаттарға тиесілі.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Эпидемиологическая ситуация в Акмолинской области за 8 месяцев текущего года относительно стабильная
