Астанада жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Астанада жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып, оның өліміне себеп болған автобус жүргізушісі сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Сот үкімімен ол екі жыл бір айға бас бостандығынан айырылып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», – делінген жұма күнгі хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, жүргізуші ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат алған әйел ауруханада қайтыс болған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Комментарии