Атырауда вокзалды жаңғырту кезінде жұмысшы биіктіктен құлап, комаға түсті

333
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/c7Brild7Sl5UNkkt6cSz8UQuaZdcfkWpD1gESz8q.jpg

Атырауда теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары барысында бес метр биіктіктен құлаған жұмысшының жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ол комада жатыр, деп хабарлайды “Адырна” порталы Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.

1984 жылы туған ер адам оқиғадан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның церебралды жеткіліксіздікке және жұлын шогына ұшырағанын анықтады.

Медициналық мамандардың мәліметінше, науқастың қан айналымы тұрақсыз. Осыған байланысты оның жағдайын тұрақтандыру үшін арнайы дәрілік препараттар қолданылуда.

Оқиғаға қатысты Атырау стансасындағы көлік полициясы еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Ал еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылатынын мәлімдеді.

Комментарии