Университеттегі кісі өлімі. 24 жыл бұрынғы іс қайта тергеліп, күдікті ұсталды

162
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HDlYIWqkQR4xV20NI6p0CtvlUcWjZ6Xpjk9pMxjf.webp

Әзербайжан астанасы Бакудің орталығында 24 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды. Тергеу нәтижесінде қылмысқа күдікті азамат анықталып, қамауға алынған. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Caliber.Az сайтына сілтеп.

Мәліметке сәйкес, 2002 жылы 7 қазанда Насими ауданының прокуратурасы қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сол күні Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің (ол кезде Әзербайжан мемлекеттік мұнай академиясы) әкімшілік ғимаратының ауласында күзетші Мұхаммедәли Магеррамов пышақ жарақатынан қаза тапқан. Сонымен қатар оқу орнының әкімшілік ғимаратынан түрлі заттар ұрланған.

Ол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған. Алайда қазіргі тергеу барысында қылмысты 1979 жылы туған Вугар Рагим оглу Джахангиров жасағаны белгілі болды. Ол 1997 жылы аталған жоғары оқу орнынан шығарылған және бұған дейін түрлі қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған.

Күдікті 2026 жылғы 4 қарашада ұсталып, 6 қарашада оған бірқатар бап бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, қызметтік міндетін атқарып жүрген адамды пайдакүнемдік мақсатпен және өзге қылмысты жасыру үшін қасақана өлтірді деген айыптар тағылған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Комментарии