Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы тұрғын үй кешенінде өрт болып, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 9 қарашада елдің Орталық телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін бес адамның қаза тауып, 33 адамның зардап шеккені айтылған еді.
Өрт 8 қараша күні сағат 16:59-да (Астана уақыты бойынша 14:59 – ред.) Тайюань қаласының Инцзэ ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Новости по теме
