АҚШ әуежайларында рейстер қайта жанданды

255
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RkRH9Nc9WqLiZUXw3nkPc05NjaD4x5Z0h8FTcwQ7.jpg

Фото ЖИ-мен жасалған

АҚШ-тың федералдық азаматтық әуе басқармасы ел аумағындағы барлық әуежайдан ұшақтардың ұшуына қойылған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы басқарманың ресми хабарламасында айтылған.

Бұған дейін әуе қозғалысын басқару жүйесіндегі техникалық ақауға байланысты елдегі барлық әуежайдан ұшып шығатын рейстер уақытша тоқтатылған еді.

Басқарма мәліметінше, шектеу әуе диспетчерлері жабдықтарының істен шығуына байланысты енгізілген. Соның салдарынан 5 117 рейс тоқтатылып, 9 814 рейс кешіккен. Шамамен 1,5 миллион әуе жолаушысының рейсі кешіккен.

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Марквейн Маллин оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты. Оның айтуынша, әзірге бұл жағдайдың қасақана жасалған шабуыл екеніне ешқандай белгі жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, мәселе телекоммуникация жүйесіндегі ақаудан туындаған.

Кейін басқарма инфрақұрылымның жұмысы қалпына келген сайын кейбір рейстердің ұшуына рұқсат берілетінін хабарлаған.

Қазір елдегі барлық әуежайдан ұшуға қойылған шектеу толық алынды.

Комментарии