BUTA Group және Freedom банк. Алматыда баспана сатып алу қолжетімді бола түсті

5253
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CB5dKEXzGcRLnrmf2ZRbRfIVGntnotuI1u1LaWBL.jpg

Алматыда BUTA Group компаниясы мен Freedom банк арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге ресми түрде қол қойылды. Қол қойылған келісімдер тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа ипотекалық шешімдерді іске қосуға бағытталған.

«BUTA Group үшін Freedom банкпен серіктестік орнату - ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған стратегиялық шешім. Біз ипотекалық несиелеу шарттарын жақсартуға және қазақстандық отбасылар үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тетіктерді дамытуға мүдделіміз», - деді BUTA Group компаниясының бас директоры Сарван Имаш оглы Шукуров.

Тиімді шарттармен ипотека рәсімдеу

Ынтымақтастық аясындағы алғашқы бастамалар жүзеге асырыла бастады. Ипотекалық несиелеудің алғашқы бағдарламасы Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан BUTA Meken тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алушылар үшін қолжетімді болды.

Бағдарлама бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 10,5%-дан 14,5%-ға дейін (ЖТСМ 11,01%-дан 15,49%-ға дейін) құрайды. Бағдарлама талаптары орындалған жағдайда мөлшерлемені 10%-ға дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылған (ЖТСМ 11,00%-дан 14,59%-ға дейін). Несие мерзімі - 20 жылға дейін.

Ипотекаға өтінімді Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Цифрлық рәсімдеу жүйесі өтінім бойынша мақұлдауды онлайн алуға және ипотекалық несиені рәсімдеуге кететін уақытты едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

«BUTA Group компаниясымен ынтымақтастық орнату біздің цифрлық ипотекалық несиелеуді дамыту және Қазақстанның жетекші девелоперлерімен серіктестікті кеңейту стратегиямызға сәйкес келеді. Біз тұрғын үй сатып алу үдерісін клиенттер үшін барынша ыңғайлы әрі жылдам ету мақсатында қаржылық және технологиялық шешімдерді жүйелі түрде жетілдіріп келеміз», - деп атап өтті Freedom банктің атқарушы директоры Ялкунчан Турсунович Ганиев.

BUTA Meken - заманауи қала өмірінің жаңа форматы

BUTA Meken - Алматының қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік-батыс полицентрінде орналасқан Urban Comfort+ форматындағы аз қабатты тұрғын үй кешені.

Кешеннің сәулеттік жобасын халықаралық Dome & Partners бюросы әзірлеген. Жоба аясында терезелері үлкейтілген алты қабатты тұрғын үйлер, жерасты автотұрағы, абаттандырылған аулалар, жүгіру және велосипед жолдары, спорт және балалар ойын алаңдары қарастырылған.

Кешенде күнделікті өмірге қажетті инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Оның аумағында дүкендер мен түрлі қызмет көрсету орындары орналасқан жеке сауда аллеясы, сондай-ақ тек тұрғындарға арналған BUTA Space қосымша кеңістіктер жүйесі қарастырылған. Олардың қатарында коворкинг, Wellness Studio, Kids Lab, Mind Club, Hobby Center және Dastarkhan Hall бар.

Тұрғын үй кешенінің тұжырымдамасы «15 минуттық қала» қағидатына негізделген. Бұл қағидат бойынша күнделікті қажетті қызметтер, демалыс, жұмыс істеу және жеке даму мүмкіндіктері үйден алыс емес жерде шоғырланады.

BUTA Group компаниясы туралы

BUTA Group - көпсалалы тәжірибесі бар, заманауи тұрғын үй жобаларын жүзеге асырып, қалалық ортаның жаңа стандарттарын қалыптастыруға бағытталған девелоперлік компания.

Компания философиясының негізінде сәулет, табиғат және технологияның үйлесімді байланысы жатыр. BUTA Group функционалдылық пен жайлылықты адам қажеттіліктеріне бағдарланған біртұтас тұжырымдама аясында біріктіретін кеңістіктер қалыптастырады.

Компания құрылыс сапасына, инновациялық шешімдерге және инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән береді. Осы арқылы өзіндік ерекшелігі мен ұзақ мерзімді құндылығы бар жобаларды жүзеге асырады.

Корпоративтік ынтымақтастықты дамыту

Қол қойылған келісім компаниялар арасындағы банк қызметтерін көрсету және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру бағытындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге де жол ашады.

«Freedom банктің корпоративтік бағыты үшін девелопмент саласы — жұмыстың перспективалы бағыттарының бірі. Біз құрылыс саласының қажеттіліктеріне жауап беретін кешенді шешімдерді әзірлеуге мүдделіміз», - деді Freedom банктің корпоративтік блогының атқарушы директоры Дмитрий Владимирович Гуэ-Хао.

Алдағы жоспарлар

Тараптар BUTA Group компаниясының басқа да тұрғын үй жобаларын серіктестік бағдарламасына қосу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсетудің цифрлық үдерісін одан әрі дамыту және қаржыландырудың жаңа нұсқаларын енгізу жоспарланып отыр.

Ипотекалық несиелеу шарттары, қолжетімді пәтерлер және рәсімдеу тәртібі туралы толық ақпаратты BUTA Group компаниясының сату бөлімдерінен, сондай-ақ қысқа нөмірлер арқылы алуға болады:

BUTA Group - 3888

Freedom банк - 595

Тұрғын үй кешені туралы толығырақ: butameken.kz

Үлескерлердің қаражатын тартуға арналған № KZ16VWE00002764 рұқсатты 2026 жылғы 2 қарашада «Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ берген.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 2026 жылғы 7 шілдедегі № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы.

 

Комментарии