Фото: видеодан алынды
Қарағанды циркінде өткен қойылым кезінде әуе гимнастигі күрделі трюкті орындау барысында тепе-теңдігін сақтай алмай, шамамен бес метр биіктіктен құлап кеткен. Бұл туралы 21 қараша күні Ekaraganda жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға көрермендердің көз алдында болған. Әртістің құлауы залда отырған жұртты алаңдатып, дүрбелең туғызған. Алайда зардап шеккен гимнастқа бірден медициналық көмек көрсетіліп, мамандар оның жағдайын тексерген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әртіс ауыр жарақат алмаған. Көрермендерді сабырға шақырған бағдарлама жүргізушісі сахнадан мәлімдеме жасап, гимнасттың жағдайы жақсы екенін және оның денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын жеткізген.
Новости по теме
«Главная задача — взрастить поколение честных и ответственных людей» - Директор Института Сорбонна-Казахстан Айнур Сабитова
