Фото: Olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды "Адырна".
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз жарыс барысында қарсыластарынан басым түсіп, финалға жолдама алды.
Шешуші кездесуде Санжар Жапония өкілі Сокей Хираномен белдесті. Тартысты өткен финалда қазақстандық спортшы қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыста әзірге екі медаль иеленді. Бұған дейін осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асқар Біржанов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
Қазір ұлттық құраманың еншісінде бір алтын және бір қола медаль бар.
Новости по теме
