Трамптың Путинді «досым» деуі АҚШ сенатының сынына ұшырады

259
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GGkxoUy78Sa3xtP6yGdLc52rODk9l1h3uD5Apmi8.jpg

Фото: АР

АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар комитетіндегі Демократиялық партия өкілі, сенатор Джин Шахин президент Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинді «досым» деп атағанына байланысты оны сынға алды. Оның мәлімдемесі Сенаттың Халықаралық қатынастар комитетіндегі демократтардың X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған 19 қарашада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен екі ел басшыларының кездесуі себеп болған. Келіссөз басталар алдында Дональд Трамп Владимир Путинмен қол алысып амандасып, жиналғандарға оны: «Бұл кім? Ол – менің досым», – деп таныстырған.

Осы сөзге пікір білдірген Джин Шахин Владимир Путиннің АҚШ-тың досы болудан алыс екенін айтты.

«АҚШ президентінің керісінше мәлімдемесі таңғаларлық қана емес, сонымен қатар америкалық құндылықтарға мүлде қайшы әрекет», – деді сенатор.

Бұған дейін Дональд Трамп Азия елдеріне жасаған сапарының қорытындысын баяндап, Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен қарым-қатынасына тоқталған болатын.

«Путинмен де қарым-қатынасым өте жақсы. Бұл – жақсы нәрсе. Си Цзиньпинмен де арамызда тамаша байланыс бар. Мұның да пайдасы зор. Қазір еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырғанымыз осының арқасы», – деді АҚШ президенті.

Комментарии