23 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент архивін қайта ұйымдастыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын»,– делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, Президент архивінің штат саны 293 адамды құрайды.
Қайта ұйымдастыруға байланысты мекеме туралы ереженің жаңа редакциясы да бекітілген. Енді архивтің негізгі мақсаттары тарихи-мәдени мұраны сақтау және толықтыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін архивтік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың архивтік ақпарат алу құқықтарын іске асыру болмақ.
Бұдан бөлек, мекеме кітапханалық қызмет көрсетіп, музей жәдігерлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан тарихын, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуын, мемлекеттік басқару жүйесі және президенттік институттың қызметін ғылыми тұрғыдан зерттеп, осы бағыттағы білімді таратады.
Если политическая реформа - это смена механизмов, то «Адал азамат» - это смена ментальности – эксперт о реформах Токаева
