Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

388
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/i3KFQmU82IfHDphAj8Ek2jFgTrn7StjNkjtRxZ8h.webp

Мысырда Каир қаласының айналма жолында жанармай таситын көліктің аударылуы салдарынан ірі өрт шығып, кемінде 31 адам қаза тапты. Тағы 15 адам жарақат алған. Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 25 қарашада Гиза провинциясының Эль-Варрак ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Салдырынан көлік бетон қоршауға соғылып, өртеніп кеткен.

Өрт тез арада маңайдағы көліктерге таралған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жеткен.

Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, құтқару жұмыстарына 39 жедел жәрдем бригадасы тартылған. Денсаулық сақтау министрі Халед Абдель Гаффар қайғылы оқиға орнына жақын орналасқан ауруханалардың дайындық деңгейін күшейтуді тапсырған.

Associated Press агенттігінің соңғы мәліметінше, зардап шеккендердің саны нақтыланып, 21 адамға жеткен. Өрт салдарынан жиырмадан астам автокөлік пен мотоцикл жанып кеткен.

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ел прокуратурасы апат құрбандарының жеке басын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Комментарии