ҰҚК Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

4164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/ae221676-7940-4591-99b0-c377a0d3f382.jpeg
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Мәсімов пен Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды. Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) айыпталып отыр. Ал Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) кінәлі деп танылды. Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды. ҰҚК күдіктілердің іс материалдарымен танысып жатқанын атап өтті.
Комментарии