Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы
2022 жылғы 17 қыркүйек
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТоқаевНовости по теме