Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде ауданда орталық мәдениет және демалыс саябағында велотрек ашылғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Ағымдағы жылдың маусым айында Орталық мәдениет және демалыс саябағында жобалық қуаты күніне 100 адамға арналған велотрек құрылысы аяқталды. Жеке инвестициялар көлемі шамамен 400млн теңгені құрады", - деп мәлімдеді қала әкімі.Оның айтуынша, жыл соңына дейін Алатау ықшамауданында жобалық қуаты 150 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады.
Новости по теме
Шолпан Корганбек посвятила кюй великому поэту, философу-гуманисту, композитору Абаю Кунанбаеву (видео)