Шаһарда жарықтандыру көрсеткіші ұлғаймақ

1447
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/399f5935-5320-4331-8dcd-8abde72cc5c2.jpeg
Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 1 758 шақырымды құрайтын 747 әлеуметтік маңызға ие көше бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Естеріңізде болса, былтырғы жылы 106 көше жарықтанып, жалпы жарық көшелер көрстекіші 43,4 %-ға жеткен-ді. Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде . Жоспарға сәйкес, 2025 жылға 75%-ға жеткізу межеленген.
Комментарии