Астана полицейлері есірткі ошағын анықтап, зиянды заттарды саудалаған қылмысы үшін бірнеше рет сотталған 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның Ұлы Дала көшесінде орналасқан үйіне тінту жүргізген кезде героин табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қала сақшыларының мәліметінше, үйдегі ас үй тартпасынан ақшыл түсті, түйіршікті концентрациясы бар полиэтилен пакет және электронды таразы табылды.
"Зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 88,89 грамм болатын "героин" есірткі заты болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Рустам Гасизов.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
«Закон и порядок»: в Астане прошло специальное мероприятие для лиц, состоящих на учете службы пробации
Усиление роли НПО в реализации Послания Президента РК «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана»