“418 млн теңге”: Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасындағы ең көп жалақыны кім алады?

5877
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/c266de94-211b-484b-a8f9-aa8c12427589.jpeg
Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге. Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады. Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай:
  • Кертис Волк («Автомобилист») – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);
  • Виктор Сведберг («Авангард») – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);
  • Алексей Маклюков («Металлург») – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);
  • Роман Старченко («Спартак») – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);
  • Валерий Орехов («Адмирал») – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).
Еске салайық, астаналық «Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ.
Комментарии