Италияда жер сілкінді

3386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/6a7095d6-6609-4b12-9c96-098983df1262.jpeg
Италияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жер сілкінісі 9 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 15.05-те тіркелген. Жер асты дүмпулерінің ошағы Умбрия астанасынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым қашықтықтағы 120 мың халқы бар Перуджа қаласында 2 шақырым тереңдікте орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Комментарии