Астанада 5 жасар қыз зорланды

6535
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/7787e214-126d-40ef-bd39-60b647f6f736.jpeg
Астанада 5 жасар қыз зорланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оқиғаның жай-жапсарын «Немолчи» қоғамдық қоры айтты.
«Бүлдіршін анасы жұмысқа кеткенде әкесімен үйде қалған. Сол кезде әкесіне досы келіп, екеуі ішімдік ішкен. Кейіннен ер адам арам ойын жүзеге асырған. Анасы таңғы сағат 6-да жұмыстан оралғанда қызды осы ер адамның жанынан тауып алған. Бүлдіршін анасына шағымданған»,—деді қор жетекшісі Дина Таңсәрі.
Астана қаласы полиция департаменті ҚР ҚК 124-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді жүргізілгенін мәлімдеді.
«Бұл факті бойынша «Есіл»ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Сараптама жасалады, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Өзге ақпарат жарияланбайды»,—деп түсіндірді басқарма.
Комментарии