Кедейдің қаржылық сауаты!

2498
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/03/ke.jpg

" Қаржылық сауатты арттыру" деген ойдан шығарылған жалған сылтаумен отбасыңның бюжеттік кіріс-шығысын, бағалы заттарын, той- томалаққа жұмсаған каражатты ( мүмкін өлім- жітімге жұмсаған ақшаны да) түгел тізіп, соларға салық төлеу ережесін енгіземіз деп жатыр. Осының зардабы үлкен болады.

Күні ертең қазақта торқалы той да, топырақты өлімдегі ас та болмайды. " Дұғамен неке қиып, талақпен тастай салатын", " өлген сағатта ат- атаусыз көме салатын" арабқұлдардың арманы орындалайын деп келеді.

Біреуі салықпен, екіншісі тозақпен қорқытады. Жыр болған 21 000 теңгені " Салықтан түскен ақшадан ғана береміз"- деп ел ішін екіұдай қылып қойды. Мұнайдан және басқа да экспорттан түсіп жатқан ырғын қаражат қайда? Бай мемлекет ыңыршағы шыққан кедейлердің салығына ғана қарап қалыпты... Айтпақшы " халықты мойнына еркелетіп мінгізіп отыратын үкімет" жоқ екен ғой? Оны ұмытыңдар деді ғой. Әй, осы мен де аңқаумын...ұмыта беремін... Кедейдің "қаржылық сауатын арттыру " кімге, не үшін керек?!

Ерболат Баятұлы

Комментарии