Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

2271
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/5a85fa7b-8cf3-459d-b07e-72b9b2e2f3fb.jpeg
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Үкімет қаулысымен Амангалий Бисенбайұлы Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды»,—делінген хабарламада.
Амангалий Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған. 1989-1994 жж. – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері. 1994-2011 жж. – Г. Шевченко атындағы кеңшарда «Қарабұтақ» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры 2011-2012 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі. 2012-2016 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі. 2016-2019 жж. – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі. 2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.
Комментарии