Қарағанды облысы полиция департаменті Тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев іздестіріліп жатыр. Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Деректер базасында Құлкеевтің 28 күннен бері іздестіріліп жатқаны көрсетілген. Оған заттай айғақтарды ұрлады деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының полициясы Құлкеев пен тергеуші Қанатов майнинг жабдықтарын ұрлау және өкілеттіктерін теріс пайдалану ісі бойынша күдікті деп танылған болатын.
Новости по теме
Главы АФМ Д.Малахов, НПП «Атамекен» Р.Баталов и Уполномоченный по защите прав предпринимателей К.Нуров договорились о взаимном сотрудничестве
