Алматы облысында жоғалған әйел табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.
2023 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен 33 жастағы әйел табылды. Екі баланың анасы Кеген ауылының тұрғыны.
"Барлық қажетті іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде жоғалған әйелдің орналасқан жері анықталды. Ол жақындарына табысталды", - деді Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Новости по теме
Турксибский район Алматы укрепляет зеленый статус: более 772 тыс. деревьев и новые озелененные улицы
