Жер сілкінісінен кейін 44 адам медициналық көмекке жүгінген

2511
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/izobrazhenie_2022-07-06_103943271-960x500.png?token=a96cd23eb4151b15553d62c242b45f1e

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 1-ден бастап Алматыда әртүрлі дене жарақаттарымен 44 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зардап шеккендердің арасында басы көгерген, аяқ-қолы тартылған, сондай-ақ жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған адамдар бар. Оның 34-і ересектер, олардың 3-і ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Сондай-ақ 10 балаға медициналық көмек көрсетіліп, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-еуі амбулаторлық емделуге жіберілген.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии