Түркияда тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеп.
Елдің оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында полиция тікұшағы апатқа ұшырады.
Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәліметінше, Нұрдағы ауданы Картал Кою қаласында полиция Бас басқармасының әуе флотының тікұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқандар бар.
Экипаж мүшелерінен бір техник аман қалған. Қазір ол ауруханаға жеткізілді.- EM 708 нөмірлі тікұшақ Хатай әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып бара жатқан, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шыққан, - деп хабарлады ведомство басшысы.
Новости по теме
Васиф Гасанли. Создание единого информационного пространства тюркских государств - вопрос нашего общего выживания
В рамках патриотического социального проекта «Желтоқсан жаңғырығы» в декабре 1986 года состоялся конкурс патриотической песни
