Қазақстан құрамасы велотректен Үндістанда ересектер арасындағы 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, параспортшылар арасындағы XII рет өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Чемпионаттың алғашқы күні із кесу сайысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдені иеленді.
Олардың уақыт көрсеткіші – 4:03.129 секунд. Алтын медальді Жапония құрамасы жеңіп алса, күміс жүлде Қытай еліне бұйырды. Сондай-ақ құрамында Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев бар тағы бір отандық құрама спринттен 5-орын алды.
Айта кетейік, сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр. Азия чемпионаты 26 ақпанға дейін жалғасады.
Новости по теме
Канат Бозумбаев о причинах крушениясамолета: никаких официальных версий от азербайджанских и российских коллег мы не получали
В Акмолинскую многопрофильную областную больницу поступила первая партия маркированных лекарственных препаратов