Ақтауда полицейге ұқсас екі азаматтың ер адамды соққыға жығып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Egov Press Telegram арнасына сілтеп.
«Біз Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасынан Ақтау қаласының полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беруін сұраймыз. Ұсталған адамды қасақана ұрып-соғу – қылмыстық құқық бұзушылық», - делінген Telegram арнасының сенбі күні таратқан хабарламасында.
Ішкі істер министрлігі аталған видеоны тексеруге уәде берді.
Новости по теме
Итоги археологических исследований в Акмолинской области за 2024 год «Центра по охране и использованию историко-культурного наследия» управления культуры Акмолинской области
