Қарағанды облысында болған оқыс оқиғадан сегіз адам зардап шекті, олардың барлығы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы-Екатеринбург тас жолында екі көлік соқтығысқан.
«Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған зардап шеккен сегіз азаматқа көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 16 шілде күні Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты орын алып, салдарынан тоғыз адам зардап шекті. Кейін дәрігерлер зардап шеккен жолаушылардың жағдайы туралы хабарлады.
Новости по теме