16 тамыз күні Алматыда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша ашық жиын өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Іс-шара «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтында сағат 9:00-де басталады.
«Жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Шараны өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын сарапшыларға қоя алады»,–делінген хабарлама.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздің 18 өңірінде АЭС құрылысы бойынша талқылаулар өткен еді.
Новости по теме
Казахстанские дети получат возможность тренироваться в футбольной Академии Испанского клуба "Атлетико Мадрид"