Қазақстан туристері үшін Пәкістан визасы тегін беріледі. 2024 жылдың 14 тамызынан бастап 126 елден келген туристер мен іскер саяхатшылар үшін Пәкістан билігі тегін визаларды ұсынуда. Бұл туралы Visasnews.com жазды, деп хабарлайды “Адырна ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, Пәкістан осы арқылы елдегі туризмді дамытпақ.
«126 елден келген келушілер үшін электрондық виза (e-Visa) алымдары жойылады және өтініш беру процесі айтарлықтай жеңілдетіледі. Бұл елдердің азаматтары үшін виза туристік және іскерлік мақсаттар үшін тегін беріледі, 90 күндік виза 24 сағат ішінде беріледі», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 126 елдің ішінде Қазақстан да бар.
Новости по теме
На Жетысуском побережье Алаколя применяются жесткие меры к лицам, нарушающим правила эксплуатации водного транспорта
Общественные слушания завершены: проект Almaty SuperSki получил поддержку, начинается новый этап развития горного кластера Алматы
