Алматыда оқушылар 1 қыркүйек күні мектепке бармайды

2805
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/mektep-960x500.jpg?token=5cf1f6da2da242a79b81620ca9cb66b3

Алматылық оқушылар 1 қыркүйек күні мектепке бармайды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Білім күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, бұл күні балалар демалады.Дәстүрлі мектеп жиындары 2 қыркүйекте атап өтіледі.

Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, барлық мектепте алғашқы қоңырау 10-15 минут болады.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте өтетінін айтқан еді.

Комментарии