Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 803 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 920,2 миллиард теңге қарастырылған.
"2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 810 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 211 теңге, базалық зейнетақы – 42 599 теңге", - дпелінген хабарламада.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 413 мың адам.
Новости по теме
Управлением туризма Алматинской области на территории области организован специальный скаутский лагерь для подростков
Первый вертолетный туристический маршрут курорта Бурабай протестировал аким Акмолинской области Марат Ахметжанов
