Қаржылық экстремизм және Қазақстанда тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты деген айыппен 7 жылға сотталған журналист Думан Мұхамедкәрім этаппен Қызылорда облысына жіберілгені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы KursivMedia-ға сілтеп.
Адвокат Ғалым Нұрпейісовтың айтуынша, журналист Талдықорғандағы тергеу изоляторынан Қызылорда облысына жіберілген. Алайда жазасын нақты қай мекемеде өтейтіні туралы мәлімет ала алмай отырғанын айтады.
«№ 71 мекемеде (Талдықорған қаласының тергеу изоляторы) құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында сотталған адам (Думан Мұхамедкәрім) сот үкіміне сәйкес жазасын одан әрі өтеу үшін ҚАЖ мекемесіне жіберілді», – делінген ІІМ жауабында.Алайда журналистің нақты қай мекемеге түскені туралы сауалға жауап келмеді. Тек оны этаппен жіберу туралы шешімге прокурор келісімі болғаны расталды.
Новости по теме
Встреча делегаций Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан и Синьцзянского отделения Китайской академии наук
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясының Шыңжаң бөлімшесі делегацияларының кездесуі