Санкт-Петербургтан Самарқанға бағыт алған Boeing 737 ұшағы діттеген жерге жетпей, Мәскеуге қонды. Бұл туралы «Ютэйр» әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, «Ютэйр» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың тұрақтандырғыш индикаторы іске қосылып кеткен. Ұшақ ішінде 173 жолаушы болған.
Еске салсақ, соңғы уақытта ұшақ апаты жиілеп кетті. Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL компаниясының ұшағынан бөлек, Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе кемесі құлап, жолаушылар көз жұмған. Іле Канада мен Норвегияда ұшақтар апатты жағдайда қонған еді.
Новости по теме
В рамках патриотического социального проекта «Желтоқсан жаңғырығы» в декабре 1986 года состоялся конкурс патриотической песни
А. Балаева призвала деятелей культуры активнее включиться в процесс формирования светского, зрелого и интеллектуального общества