Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

1723
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/4f6724b7-9e00-484e-968c-2000ce01f39d-960x500.jpg?token=615a55e7a681327d94a11815ad6c9ad6

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді. Бұл туралы бүгін, 21 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ғабит Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Одан бөлек, Сергей Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Ал Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Комментарии