Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кортежі сейсенбі күні кешке Иерусалимдегі кеңсесінің жанында жол апатына ұшырады, деп хабарлайды “Адырна”.
Кортеждегі көліктердің бірі Еске алу күніне арналған салтанатты шарадан шыққан кезде мотоцикл мінген жасөспірімді қағып кеткен. Премьер-министрдің сол сәтте көлікте болған-болмағаны белгісіз.
United Hatzalah ұйымының хабарлауынша, 17 жастағы мотоцикл жүргізуші жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Ynet басылымы Нетаньяхуға жақын дереккөздерге сілтеме жасай отырып, премьер-министр апат кезінде оқиға орнында болмағанын хабарлады.
Новости по теме
Оцифровать обмен иностранными бланками разрешений договорились министры транспорта Центральной Азии и Китая