Қазақстанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде ресми мереке саналады.
Бұл күн – ел аумағында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын айшықтайтын ерекше мейрам. Мереке алғаш рет 1996 жылы кең көлемде тойлана бастады. Ал оған дейін, 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын.
«Мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес, 1 мамыр – ресми түрде демалыс күні.
Қазақстан – ондаған жылдар бойы көптеген этнос пен ұлыстың бейбіт мекені болып келген ел. Ел халқының ұлттық құрамының көптүрлілігі Қазақстанда бейбітшілік пен келісім саясатының орнығуына негіз болды. Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам этнос өкілдері өмір сүруде. Олар өзара құрмет пен бірлік негізінде бір мемлекеттің болашағына бірге үлес қосып келеді.
Бұл күн еліміздің барлық өңірлерінде түрлі мәдени іс-шаралармен атап өтіледі.
Новости по теме