Танымал америкалық әнші, актриса Дженнифер Лопес 10 тамызда Алматыда жеке концертін өткізеді. Бұл туралы «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ұйымдастырушылар әншінің жанкүйерлері өте көп екенін ескере отырып, Алматыда қосымша концерт өткізуді шешкен.
Бұған дейін өнер иесінің өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамыз күні Қазақстанның астанасында өнер көрсететіні белгілі болған еді. Сол хабардан кейін билеттер 3 сағат 51 минутта сатылып кеткен болатын.
Алматыдағы концерттің билеттері қашан сатылымға шығатыны әзірге белгісіз.