Өзбекстаннан Қытайға бағыт алған жүк пойызы жолға шықты

1242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-46-960x500.jpeg?token=c28241844b8d3627b80efdb136bcbb25

Өзбекстан мен Қытай Ташкент-Фучжоу бағыты бойынша 50 контейнерден тұратын блок-пойызды іске қосты. Бұл туралы Өзбекстанның көлік министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Пойыз Қытайға өзбек тауарын жеткізеді. Бұл теміржол құрлықтық және теңіздік Жібек жолы бағыттарын байланыстырады.

Пойыздың жолға шығуына арналған салтанатты шараға Өзбекстан Көлік министрінің орынбасары Маманбий Омаров пен Қытайдың Фуцзянь провинциясының губернаторы Чжао Лун қатысты.

Чжао Лун Фуцзянь билігі Өзбекстанмен сауда, экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Ал көлік министрінің бірінші орынбасары Маманбий Омаров соңғы жылдары екі ел арасындағы өзара жүк тасымалында оң динамика байқалып отырғанын жеткізді. 2024 жылдың соңына қарай Қытаймен халықаралық жүк тасымалының көлемі тарихи деңгейге – 6 миллион тоннаға жеткен.

Комментарии