Қоғам игілігі үшін қызметте. Тұран – болашаққа бастар жол

1366
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/4dd33636-e5fb-47a0-8f9a-d85763b1407f-960x500.jpeg?token=3c0c592bda5bf4334d4ad3cdd1dd4ad0
2024 жылдың 24 сәуірінде Тұран университетінің Ғылыми кеңесі маңызды құжат – 2024–2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Бұл стратегиялық жоспар – университеттің келешек бағытын анықтайтын, заманауи жаһандық талаптарға жауап беретін, ұлттық және өңірлік даму мақсаттарымен үйлескен кешенді бағдарлама.

Мемлекеттік стратегиялармен үндесу Тұран университетінің даму стратегиясы Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында көрсетілген басымдықтарға, жоғары еңбектері арқылы «Қазіргі пәнаралық байланыстағы академиялық ізденістердің технологиялары: Қазақстандық ғалымдардың еңбектері негізінде инновациялық форсайт әдістерінің ғылыми экожүйеге ықпалы» атты баяндама жасайды мен ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму жоспарына және «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасына негізделген. Бұл университеттің елдегі жоғары білім жүйесіндегі орны мен жауапкершілігін нақты көрсетеді. Миссия: Қоғам игілігі үшін қызмет Университеттің басты миссиясы – «Мәдениет, білім және ғылым – қоғам игілігі үшін». Бұл ұстаным Тұран университетінің тек білім беру ұйымы ғана емес, мәдени және ғылыми орталық ретінде де қоғам дамуына белсенді үлес қосатынын білдіреді.

Көзқарас: Инновациялық-кәсіпкерлік университет. 2029 жылға дейінгі даму жолы – «Инновациялық-кәсіпкерлік университет» моделіне көшу. Бұл тек теориялық біліммен шектелмей, студенттердің кәсіпкерлік ойлауын дамытатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын нарықпен ұштастыратын, стартаптар мен инновациялық жобаларға негіз болатын академиялық экожүйені құру деген сөз. Негізгі құндылықтар:Университет даму стратегиясында төмендегі бес негізгі құндылықты айқындап отыр.Көшбасшылық – білім беру мен ғылымда жаңа биіктерге жету, жауапкершілікті бастамашылдықпен ұштастыру.

Серіктестік – академиялық және кәсіпкерлік әріптестіктерді нығайту, халықаралық ынтымақтастықты дамыту.Бәрі студентке арналған – студенттер мүддесі мен дамуы – басты басымдық.Инновациялар – технологиялық және әдістемелік жаңашылдықтарды белсенді енгізу. Кәсіпкерлік – студенттер мен оқытушылардың іскерлік бастамаларын қолдау. Университеттің басты миссиясы – «Мәдениет, білім және ғылым – қоғам игілігі үшін». Бұл ұстаным Тұран университетінің тек білім беру ұйымы ғана емес, мәдени, әлеуметтік және ғылыми орталық ретінде де қоғам дамуына белсенді үлес қосатынын көрсетеді. Университет қабырғасында білім алған әрбір маман – қоғамға қызмет етуді өзінің кәсіби әрі адами борышы деп түсінеді. 

2017 жылы Алматы Ақшамы ғазетіне Қали Сарсенбайдың «Алаштың Алшановы» атты Тұлғатану айдарындағы мақаласы ерекше отты ой салды. Қамалы қарулы, ойы тау қопарған 3 мыңнан аса кітапты оқып, студенттік кезден жинап таусылмас ғылымға жан-жақты зерттеулермен келген. Міне, бұл әлі де тың зерттеулердің ашылар құпия қоры болып отыр. Қали Сарсенбайдың «Ғылымға әдебиет арқылы барған адамнан толық қанды ғалым шығады» деген түйіні жүрегіміздің, істеп жүрген ізденістеріміздің түйіні болғаны рас.  Тұран университетінің ректоры, академик Рахман Алшановтың әлем халықтарына аударылған ғылыми еңбектері — еліміздегі және шетелдегі жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің дамуына зор үлес болып табылады. Бұл еңбектерді академиялық жазылым мен шығармашылық ойлау пәндері аясында енгізу арқылы университеттің студенттері ғылыми ізденістерге белсенді түрде араласып, мақала жазу және ғылыми еңбектер дайындау мүмкіндіктерін кеңейтті. Сонымен қатар  2024 жылы 24 маусымда Стамбул университетінде «Білім беру саласындағы инновациялық технологиялар: теория және тәжірбие» атты халықаралық ғылыми ІІ дәстүрлі тәжірбиелік-конференцияда ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Гүлжан Тулекова академик Рахман Алшановтың еңбектері арқылы «Қазіргі пәнаралық байланыстағы академиялық ізденістердің технологиялары: Қазақстандық ғалымдардың еңбектері негізінде инновациялық форсайт әдістерінің ғылыми экожүйеге ықпалы» атты баяндама жасады. Сонымен қатар  «Турандот ханшайым» туралы монография университеттің шәкірттері арасында үлкен қызығушылық туғызып, студенттерге ғылыми очерктер мен монографияларын оқу арқылы шығармаларды терең түсініп, талдаулар жасалынды. 2024 жылы оқу жылының қазан айында  университет ректоры Турандот ханшайым ескерткішін Тұран университетінің алаңына қойды. қалыптастыруға жол ашты. Университетте Рахман Алшановтың еңбектері бойынша ғылыми саяхат, сұхбат және дәріс кештері жоғары ынтамен өткізіліп, студенттердің шығармашылық және зерттеу әлеуетін арттыруға ықпал етті.  Университеттің ЖОО-дармен академиялық әріптестік миссиясының орындалуы ерекше академиялық жобалар мен іс-шаралар арқылы қоғамдың бірлестіктердің  қатсымуымен кең даму транформациясында үйлесімділік табуып келеді.

Айталық , ЮНЕСКО, Достық үйі, Жазушылар Одағы, ТҮРКСОЙ (TÜRKSOY) – Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы, ҚазМемҚызПУ, Ұлттық кітапхана, Алматы әкімдігі Білім басқармасы түрлі салаларда ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған іс-шараларыда Тұран университеті студенттерінің ғылыми ізденсітер жолындағы бас қосқан биылғы оқу жылы да ерекше. 2024 жылғы 14 желтоқсанда Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың туған күніне арналған «Шыңғыс Айтматов – біздің жүрегімізде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік іс-шара өтті. Бұл маңызды шараға Қазақстан мен Қырғызстаннан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардан танымал ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен әдебиет саласының мамандары қатысты. Іс-шараның модераторлары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Мауленов Алмасбек Анықбекұлы мен Гайипова Гулипа Абдырайимовна болды. Ашылу рәсімінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Аренова Алмаша, Түрксой халықаралық ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, «Мурас» қырғыз этномәдени орталығының төрағасының орынбасары Ташыбеков Манас Нурмаматович сөз сөйлеп, Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығының ұлттар арасындағы мәдени және рухани байланыстың нығаюындағы рөліне ерекше тоқталды. Балалар жазушысы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы және Қырғыз Республикасының мәдениет қайраткері, Әлем әдебиеті институтының директоры Қалыбек Нұрлан өз баяндамаларында Айтматов шығармаларының қазіргі қоғамдағы маңыздылығын жан-жақты талдады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ананьева Светлана Викторовна мен филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы өздерінің ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Айтматов атындағы халықаралық қордың өкілдері Zoom платформасы арқылы іс-шараға онлайн қатысып, жазушының мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау мәселелерін талқылады. Іс-шара аясында «Қоғаммен байланыс» мамандығының  студенттері өткізілген эссе конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Студенттер Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына терең талдау жасап, олардың заманауи қоғамдағы рөлін және мәдени маңызын ашуға тырысты.

Жарысқа қатысқан жұмыстардың ішінен бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болғандар арнайы дипломдармен марапатталды. Конкурстың жеңімпаздары ғылым жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттық академиясының академигі Гүлжан Қажымұратқызы Тулекованың студенттері: Рухшано Абдурасулова – «Қоғамдық көріністегі шығармалардың мәні: Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» және Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» шығармалары» тақырыбында; Елнұр Қыдырбай – «Қазіргі қазақ-қырғыз қоғам байланысының заманауи коммуникациядағы рөлі мен маңызы»; Ақбота Қалшабек – «Қазіргі қоғамдағы мәдени және рухани құндылықтарды қайтару: Шыңғыс Айтматов шығармаларының триадасы»; Асылжан Елтай – «Корпоративтік компаниялардың HR брендін алға жылжытудағы ішкі жаңалықтарды тарату: Шыңғыс Айтматовтың фильмдерінің маңызы». Бұл іс-шара екі ел арасындағы әдеби-мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, жас ғалымдар мен студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, ұжымдық фотоға түсті.    Академиялық жазу пәні аясында шығармашылық ойлау мен әдебиет зерттеулерін дамыту: Нағашыбек Қапалбекұлының шығармалары негізінде Аударма ісі және Қоғаммен байланыс, Психология мамандығы бойынша білім алып жүрген студент академиялық жазу пәні аясында шығармашылық ойлау мен әдеби-когнитивтік талдау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оның ғылыми қызығушылығы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Нағашыбек Қапалбекұлының прозалық және публицистикалық шығармаларын заманауи коммуникациялық әдістер мен академиялық жазу талаптарына сай талдауға бағытталған. Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы өз жұмысында авторлық стиль, тілдік құрылымдар мен мәтіннің ішкі мағыналық пласттарын зерделей отырып, көркем аударма жасауда аудармашылардың мен қоғаммен байланыс салаларымен тоғысатын тұстарын зерттейді. Әсіресе, шығармаларды академиялық стильге сай қайта өңдеу, ғылыми мақалалар мен аналитикалық рецензиялар жазу арқылы студент өзіндік жазу машығын дамытып, дерекпен жұмыс істеу, аргумент ұсыну және дәйектеу дағдыларын жетілдіріп келеді. Оның жұмысы бірнеше бағытты қамтиды: шығармашылық ойлау және креативті жазу қабілеттерін дамыту; әдебиетті аударма мен коммуникация тұрғысынан зерттеу;ғылыми стильдегі мәтіндер құрастыру және дереккөздерді жүйелі қолдану; мәтіннің мәдени-контекстуалдық маңызын анықтау. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары нәтижесінде ол ғылыми мақалалар жазып, оқу семинарларына қатысып, академиялық ортада өзіндік ізденіс жолын қалыптастырып келеді.

Нағашыбек Қапалбекұлының шығармалары негізінде дайындалған жұмыстар болашақ аудармашылар мен медиа саласы мамандарына үлгі боларлық тәжірибелік негізге айналып отыр.Сонымен бірге, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының «Үрей», «Қара шаңырақ», «Сакура гүлдегенде», «Аң бата», «Кек», «Суықтөбе» сияқты шығармаларына бағытталған академиялық ізденістер мен ғылыми жобалар соңғы бес жыл ішінде университеттің психология және қоғаммен байланыс мамандықтарының студенттері арасында кеңінен дамыды. Мәселен, студенттер «Кек» романының кейіпкері Омарбек Жантаевтың 1916-1937 жылдар аралығындағы тарихи тағдырына қатысты ғылыми жинақтар жасап, зерттеу нәтижелерін жариялады.Студенттер мен оқытушылардың бірлескен еңбегі нәтижесінде «Жан» республикалық журналдарында Нағашыбек Қапалбекұлының әлеуметтік, отбасылық КРЖБМ Ғылым комитеті каржыландыруы АР23490817 жобасы аясында О-81 «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция матер. жинағ. Coll. of mater. of the International Scientific and Practical Conference on the topic «Modern psychological approaches to the prevention of family violence: Theory and Practicе»: – Алматы: ҚазҰҚПУ, 2024. – 487 б. ISBN 978-601-346-161-8 жинағына Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен оның психологиясына қатысты тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл тақырып: Негізінен – ЦУР 16.2 міндетіне жататын Қосымша – ЦУР 3.4 (психикалық денсаулық) және ЦУР 5.2 (гендерлік зорлық-зомбылық) міндеттерімен байланысты.  Ғылыми зерттеу жұмысына ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық  Мәдениеттерді жақындастыру орталығының  ҚР Қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы, Республикалық ғылыми-әдістемелік “ЖАН” психологиялық журналының редакторы психолог Нұргүл Бегалиева мен ҚазМемҚызПУ жалпы психология кафедрасының профессоры Бапаева Мәриям Құрманғалиева жетекшілігіндегі АР23490817 жобасы аясында О-81 «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар” жоба аясында “Тұран” университеті  психология мамандығы докторанты Сая Бапаева және ҚР  Қоғам қайраткері “Балалар ауылы” директоры Гүлсара Амангалиевнамен бірлесе отырып атқарылған  2 дөңгелек үстел “ Тұран” университеті психология және қоғаммен байланыс мамандығы студенттерімен “Қаламгерлер шығармасындағы балалар тақырыбы” атты іс -шара жүргізілді.

2024 жылдың 4 қыреүйегінде Академиялық ізденістермен “Үрей” әңгімесіне танымдық ізденіс” ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор Г.Х.Тулекованың басышылығымен шығарма авторы Нағашыбек Қапалбекұлымен онлайн сұхбат- кездесу өтті.

 2024 жылдың 12 қазанында 1-курс психология және қоғаммен байланыс, туризм мамандығы студенттерімен ҚР  Қоғам қайраткері “Балалар ауылы” директоры Гүлсара Амангалиевна және ҚР Қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы шығармаларына “Ғылыми негізгі аргументтердің дискурстүзуші мәтіндерде коммуникатив тәсілдер арқылы жүзеге асыру” атты  дөңгелек үстел жүргізілді.

19 желтоқсан 2024 жылы ҚазМемҚызПУ алаңында  Халықаралық-ғылыми тәжірбиелік конференцияға “Әлеуметтік шиеленіс контексінде мәдени дәстүрлер мен отбасылық нормалар” атты бағытта академия жазылым залында ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор Г.Х.Тулекова мен психология мамандығы докторанты Сая Бапаевалардың ғылыми жетекшілігімен 1 курс студенті Сапарбаева Жадыра “Психологиялық травмалар және агрессивті мінез-құлық” Нағашыбек Қапалбекұлы “Үрей”әңгімесі бойынша мақала үздік қорғалды. “Жас өспірімдердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы еркіндік құндылығы (Бердібек Соқпақпаев “Менің атым Қожа”шығармасы негізінде)”атты тақырыпта Жексенбаева Назира қорғап шықты. Екі мақала да жоғарыдағы жинаққа енді, сертификат берілді.   Нәтижесінде Ғылыми жетекшіГ.Х.Тулековаға Сертификат тапсырылды. Студенттердің Г.Х.Тулекованың ғылыми жекшілігімен заң және құқық,  қоғаммен байланыс, психология мамандықтары студенттерінің ғылыми мақалалары зорлық-зомбылық, балалар денсаулығы, әйелдер денсаулығы, жасөспірімдердің буллингтен зардабы, суицид тақырыптары туралы Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718-не және  «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік орталығы білім беру қызметін ҚР Оқу ағарту министрлігінің №95 бұйрығына сәйкес жүзеге асырлған журналдар сайтында 50-ге жуық “Тұран”университетінің студенттерінің ғылыми мақалалары жарық көрді. Республикалық ақпараттық-танымдық білім порталының директоры Н.Ә.Жайлауовтан Г.Х. Тулековаға Алғыс хат жіберіді. Сонмен қатар Олжас Сүлейменовтен ЮНЕСКО Алғыс хат тапсырылды.  4 курс журналистика мамандығының студенті  Нурахметова Сағыныштың 17 мамыр 2025 жылы Ұлттық кітапханада жасаған  “Нағашыбек Қапалбекұлның  75 жылдық ” мерей тойы қарасаңыда жасалған “Тұран университеті студенттерінің академиялық  ізденісі қаламгер шығармаларымен” атты ғылыми баяндамасы әлеуметтік желілерде ерекше баға алды. Қазақ әдебиеті газетінде көрсетіп өтті.4.2 ЦУР 3 – Жақсы денсаулық пен әл-ауқат. "Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатын арттыру." Нақты міндеті – 3.4: "2030 жылға қарай психикалық денсаулық пен әл-ауқатты нығайту арқылы жұқпалы емес аурулардан мезгілсіз өлімді азайту және ЦУР 4 – Сапалы білім "Инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы оқуға мүмкіндік жасау ."Нақты міндеті – 4.7: "Тұрақты даму, мәдени әртүрлілік, бейбітшілік пен жаһандық азаматтықты алға тартатын білім  хани ғылымды оқыту, танымдық даму, адам болмысы туралы holistik (тұтас) көзқарасты білімге енгізу,   Осы тақырып негізінде  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының меңгерушісі Әсет Абайұлы Құранбек және Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, жоғары категориялы дәрігер, фтизиатр, психолог Дүйсенова Рахима Белсеновна, Евразия ұлттық  университетінің доценті Кеңшілік Тышханұлының ғылыми сыртқы пікірлері берілді. Сонымен қатар  дәрігер, “Ақ ана” рухани-мәдени орталықтың директоры Байжанова Зейникамал Қаржынбайқызы;  Журналист-тележүргізуші Жұлдыз Байділдә ОТАУ ТВ “Алатау”арнасы;  ЖШ “Қазына”баспасы мен бірлесе отырып 345-беттік “Ғылыми басылым” жарық көрді.   Қазіргі ғылыми дискурста ғылым мен руханияттың синтезі ерекше маңызға ие бола бастады. Рухани нейроэнерго медицина сияқты бағыттардың дамуы нейроғылым, психология, медицина, философия және мәдениеттану салаларындағы білімдерді біріктіретін интердисциплинарлы тәсілдің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл зерттеу жұмысы мидың энергетикалық процестері мен рухани тәжірибелердің өзара байланысын және олардың адамның психикалық әрі физикалық денсаулығына әсерін зерделеуге бағытталған. Эмпирикалық база және зерттеу нысаны ретінде дәстүрлі және баламалы әдістер арқылы адамның ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған тәжірибелер жүзеге асырылатын "Ақ Ана" рухани-мәдени орталығы алынды. Бұл жұмыс БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының № 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатына, нақтырақ айтқанда, психикалық денсаулықты нығайту мен аурулардың алдын алуға бағытталған 3.4 міндетіне сәйкес келеді. Арнайы іс-шара осы орталықта қоғам қайраткері актер Болат Әдбіманов мен Гүлжан Тулекованың бағдармасы бойынша жүргізілді. Мұндай зерттеулер адамды тән, ақыл және рухтың тұтас бірлігі ретінде қарастыратын холистикалық денсаулық тұжырымдамасын дамытуға маңызды үлес қосады.  Нәтижесінде  Г.Х.Тулековаға “Ақ ана” рухани-мәдени орталықтан Диплом Қазақстан Республикасы халқының денсаулық ісін жақсартуға сіңірген Ерен еңбегі үшін, жоғары жетістіктері мен үздік көрсеткіштеріне Жұлдызды кубогы тапсырылды.  2-мамыр,сағ 21.00-де "Қоғам және әйел"бағдарламасы, Отау ТВ арқылы, "Алатау" арнасынан арнайы бағдарма жүргізілді. Ютуб арансынан осы тақырыптағы журналистік зерттеу жарияланады.

Г.Х.Тулекова  Рухани нейроэнергомедицина: ғылым мен киелі дәстүрлі үйлесім. Алматы: “Қазына” баспасы, 2025 ж. 345-б.  ISBN 978-601-725-25-3., қаржыландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі №23022495 «Ақ ана» рухани –мәдени орталық» ТОО 16.10.2023 мекемесі.     

 
Комментарии