Сербия президенті Александр Вучич соғыс басталғаннан кейін бірінші рет Украинаға келді. Ол Одесса қаласында өтіп жатқан саммитте басты қонақ болды. Вучич сөз сөйлеп, былай деді: “Сербия Украинаның бір-екі қаласын немесе аймағын қалпына келтіруге атсалысып, украин халқына қолдауды нақты көрсеткісі келеді”. Ол сонымен бірге Украина гуманитарлық сұрақ бойынша Сербияға сенім арта алатынын айтты. “Белград Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайды” деді. Жалпы Сербия Ресейдің Еуропадағы сенімді серіктесі саналады ғой. Алайда екі ел арасында кикілжің басталған сияқты. Мысалы, жақында ғана Ресей Сербияны “Украинаға қару сатты” деп айыптаған болатын. Енді міне серб басшысы Украинада жүр. Ресей мен Сербия арасындағы саяси салқындық сезіліп тұр.
Новости по теме
3-5 августа 2022 года Центризбирком провел семинар-совещание для территориальных избирательных комиссий
В Актау с помощью Telegram-чат-канала «Акимат Мангистауской области» решается вопрос по вывозу мусорных свалок