Қордай туралы пост жазған белсенділерді Ішкі істер департаментіне шақырды (видео)

7130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/dsc01973-960x500.jpg?token=966bc84d9237895938bd02bf9031d11d
Бүгін әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы  Жолымбет Мәкішті Қордай оқиғасына қатысты пост жазғаны үшін Ішкі істер департаментіне шақырды.  Ол әлеуметтік желіде "Қордайдағы оқиғаға байланысты полицияны басқа ұлт ұрғанша, өзіміз ұрайық" деп әзіл тұрғысында пост жазған.  Ол арнайы видео үндеу жолдап  сол пост үшін арнайы кешірім сұрап, елімізге тыныштық керектігін айтты. Артынша ол Фейсбуктегі парақшасында "ДВД-дан шықтым. Қордайдағы оқиға байланысты бір жігіттер арандап қалыпты. Сақ болайық, арандап қалмайық" деген жазба қалдырды. https://youtu.be/vVXL6cB4aos
Комментарии